Үлкен спортта төрткүл дүние көз тігіп тамашалайтын спорт ол әрине, футбол. ҚАЖ қызметкерлерінің арасында да күнделікті өмірде футбол ойнауды сүйетін жандар жетерлік. Олар талғампаз тәкәппәр өнерге шексіз беріліп, «шынықсаң – шымыр боласың» қағидасын қатаң ұстанады.
Өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері қиындығы мол жұмыстан тыс уақыттарын тиімді пайдаланып, заман талабына сай ойын алаңдарында футбол ойнауды әдетке айналдырған. Демалыс күндерін доп тебуге арнайтын мекеме қызметкерлері өздерін жаттықтыру мақсатында өзара достық матчтарын жиі өткізеді.
Мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Нұржан Кутынбетов қызметкерлердің аяқ допға деген сүйіспеншілігінің оянуы балдаурен балалық кезден бастау алғанын айтады.
— Бала күнінде ауылда күн еңкейе бере көшенің шаңын көкке көтеріп, доп қуаламаған бала жоқ шығар. Осының барлығы футболға деген құштарлық болса керек, — дейді әділет майоры.
Айгүл Тыныстанова,
ЖД-158/1 мекемесінің қызметкері