A place where you need to follow for what happening in world cup

Ұстаздар ұлықталған күн !

0 167

«Ұстаз ұлық биік тұрған бәрінен». Ұстаздың ұстазы әл-Фараби «Ұстаздың көлеңкесінің  басу күнә» деп бекер айтпаса керек. Ағартушылық салада еңбек етіп келе  жатқан міне осы жандарды Ұстаздар күніне орай Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев қабылдап, арнайы құрмет көрсетті.

Ұстаз – қоғамдағы ең құрметті де қадірлі мамандық. Өйткені, адами қасиеттерді бойына сіңірген шынайы ұстаз өз шәкірттерінің жүректерінде білімге деген құштарлықты және Отанына деген сүйіспеншілікті оятады. Ауданның білім беру жүйесін дамытуға, еліміздің болашағы – білімді ұрпақты тәрбиелеуге қосқан еселі еңбектеріңіз ешқашан елеусіз қалмайды. Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Оқушыларыңызға берген білім мен тәрбие қашанда алдарыңыздан сәттілік пен алғыс ретінде шыға берсін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, ұстаздық жолда шығармашылық табыстар мен жетістіктер тілеймін, – деді Сәкен Қаланұлы.
Салтанатты шарада өңір басшысы Шайқорық орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Нұршакүл Сапарбаеваның кеудесіне «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін тақса, Б.Тайшапұлы атындағы орта мектептің директоры Рина Жұмаділоваға Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хатын, В.Чкалов атындағы орта мектеп бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Эльмира Құндыбаеваға ҚР Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Жамбыл облыстық бірлестігінің Құрмет грамотасын, Бірлесу-Еңбек орта мектебі география пәнінің мұғалімі Балдыкүл Сүгіроваға, Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Зульфия Қалматаеваға, Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Гүлжан Оспановаға облыс әкімдігі білім басқармасының Құрмет грамотасын табыс етті. Ал, Гродеково орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мейрамкүл Байназарованы, Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Гүлмира Шиналиеваны аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады.


Жыл қорытындысы бойынша Антон Макаренко атындағы орта мектеп «Үздік мектеп», «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасы «Үздік балабақша», Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Самал Байкеева «Үздік педагог» номинациясымен марапатталды.
Жалпы, білім саласы жыл сайын жаңғырып, дамып келеді. Жаһанданып бара жатқан мынау төрткүл дүниеде білімдінің ғана аты оза шабатыны белгілі. Бұл ретте ауданда да білімді дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын, соның нәтижесінде мектеп түлектерінің ҰБТ қорытындысы бойынша жыл сайын жоғары балл жинап жатқанын айта кеткен жөн.
Мерекелік кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.