A place where you need to follow for what happening in world cup

ТҮНГІ РЕЙД: ТӘРТІПТІ САҚТАУ — ОРТАҚ МІНДЕТ

0 62

Коронавирус пандемиясының таралуын алдын-алу мақсатында аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев пен аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Алметов және аудан аумағында құрылған мобильді топ мүшелері бүгін түнгі рейд жұмыстарын жүргізді.
Аудан әкімі бастаған мобильді топ мүшелері дәл қазіргі уақытта қала орталығындағы алаң мен орталық маңындағы кәсіпкерлік нысандарды аралап, карантин талаптарына мойынұсынбаған аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Рейдтік шара барысында түнгі 21.00 ден кейін спирттікиөнімдерін сатпау туралы айтылып және беймезгіл уақытта көшеде жүрген жасөспірімдердің ата-аналарына ескерту жасалды.
Талап жалпыға ортақ.
Басты мақсат қауіпсіздік шараларын сақтау.
Ғасыр дертін тек тәртіпке бағыну арқылы жеңеріміз анық.
Рейдтік шаралар жалпы аудан көлемінде жалғасып жатыр.

Сарысу ауданы

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.