A place where you need to follow for what happening in world cup

ТҮРКСІБТЕН БАЙЗАҚҚА АМАНАТ

0 27

Солтүстік-батыстан соққан долы дауылдың екпіні қарсы тұрғанын іліп те, ұшырып та әкетті. Күздің соңғы айы қыспаққа алып, күн суытқан шақтағы бұрқасын жел ауыл-аймақтағы ағайынның шатырын ұшырып, онымен бірге берекесін де қашырды. Күздің қара суығында Байзақ ауылының қос бірдей тұрғыны бала-шағасымен сыртта қалды. Желден қабырғалары ғана қалған үй іргесінің көрінісі жантүршігерлік жағдайда.
Жаңалықтар айдарынан осы жағдайға куә болған Түрксіб ауылының жамағаты ауылдан жылу жинауға кірісті. Жүрегі кең, қолы ашық Еркін Қызылбаев бастаған тұрғындар 2 млн теңге қаражат қарастырды.

Бақыт шамынан айырылған отбасыларға ауылдың аманатын табыстауға ауыл жанашыры Болад Айдарбеков арнайы барып, қайырымды жандардың ізгі тілегін жеткізді. Өз кезегінде алыстағы ағайыннан жылулық сезінген отбасылар жасына ерік беріп, шексіз ризашылығын жеткізді

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.