Ағымдағы жылдың 5 қарашасында Қаратау қаласында Республикалық «Қыс-2020» Талас ауданы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің азаматтық қорғаудың аумақтық құрылымдарымен өзара әрекеттесу бойынша арнайы тактикалық оқу-жаттығуларын өткізілді.
Оқу-жаттығудың басты мақсаттары құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу кезінде басшылық құрам мен құрам командирлерінің тәжирбелік дағдыларын жетілдіру, азаматтық қорғау құрылымдарымен өзара іс-қимылда міндеттерді орындау кезінде авариялық-құтқару құрамаларын тегістеу, авариялық-құтқару құрамаларының ТЖ салдарын жою бойынша іс-қимылдарға дайындығын тексеру, ТЖ жою бойынша тәсілдер мен іс-қимылдарды жетілдіру болып табылады.
Жалпы оқу-жаттығу ға қатыстырылатын құрам:
1. Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі: — 2 адам; 1 тех. (жеңіл автокөлік)
2. Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ –нің Талас ауданы Қаратау қаласының №12 Өрт сөндіру бекетінің жеке құрамы:
— өрт сөндіру автокөлігімен 1-ші бөлімше – 6 адам, 1 тех.;
Барлығы: 8 адам, 2 тех.
3. Аудан әкімдігінен:
— 3 адам, 1 тех.
4. Талас аудандық полиция бөлімінен:
— 12 адам, 3 тех. (қызметтік автокөліктер).
5. Медициналық қызмет АОА :
— 4 адам, 1 тех.
6. «Игілік-Жылу» КМК:
— 8 адам, 3 тех.
7. «Талас электр жүйелері» ЖШС:
— 4 адам, 1 тех.
Барлығы: 33 адам, 10 ед. тех.
Аудан әкімі Б.Қазанбасов барлық техникалардың қысқа дайындығын тексеріп, ТЖ болған жағдайда шұғыл әрекет етуін тапсырды.