A place where you need to follow for what happening in world cup

Талас ауданында «Асарлатып үй салу» жобасымен 7 баспана тапсырылды

0 40

Талас ауданы  көлемінде өткен жылы 8 ауылдық округте көпшіліктің көмегімен тұрғын үйлер бой көтеріп, пайдалануға берілсе, биылғы жылға 6 ауылда тағы 8 үй салу жоспарланған болатын. Жыл басынан бері Есейхан, Қожағаппар, Ақкөл ауылындағы отбасылар жобаның игілігін көріп, баспаналы болып үлгерді. Дәл осындай баспаналы болу бақыты Бостандық ауылының тұрғыны Көпжасарова Құралайға бұйырып, 5 бөлмелі үйдің кілті жалғыз басты анаға табысталды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бар мейірімін балаларына арнаған анаға қол ұшын созу мен балаларының алаңсыз өсуін ойлаған ауылдан қанаттанған азаматтар ортадан қаражат шығарып, үй тұрғызып беруді ұйғарыпты.

«Келісіп пішкен тон келте болмас» деген. Қоныс той қуанышына аудан әкімінің орынбасары Роман Қырықбаев, Талас аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмабек Әсемов, Талас аудандық билер сотының төрағасы Сәулембай Әбсадықұлы қатысып, ізгі тілектерін білдірді.

Қуанышты сәтте алғаш сөз алған аудан әкімінің орынбасары Роман Қырықбаев игі істің орындалуына атсалысқан барша азаматтарға ризашылығын білдіріп, қайырымды істің қасында жүрген ауыл имамы Зульфухар Түзелбаев, ауыл азаматтары Досымжан Жанысбеков пен Бейбіт Мусаевқа аудан әкімінің атынан Алғыс хаттарды тапсырды. Сонымен қатар, ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшесі, ауыл ақсақалы Жолдас Әлішов қуанышқа орай жылы лебізін арнап, Құралай Қарабайқызына жаңа баспананың кілтін ұсынды.

Өз кезегінде ауылдан шыққан кәсіпкерлер көпбалалы анаға үй жиһаздардын тарту етіп, елге ортақ қуанышты еселей түсірді.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.