A place where you need to follow for what happening in world cup

Талас ауданында «Көңілді сөре» спорттық жарысының жеңімпаздары анықталды

0 29

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай,Талас  ауданы  Қаратау қаласында «Көңілді сөре» спорттық жарысы өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Денешынықтыру—сауықтыру кешенінде ұйымдастырылған спорттық іс—шараға аудан орталығы Қаратау қаласындағы бөбекжай бақшалар мен шағын орталық қызметкерлерінен құралған 10 команда қатысты.

Іс-шараның мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық бірлікті нығайту, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру.

Спорттық сайыс бес кезеңнен тұрды: кедергілер арасымен жүгіру, секіртпемен кедергілер арасымен секіру, баскетбол добын кедергілер арасымен алып жүру, қаппен секіру, арқан тарту.

Ойын нәтижесі бойынша «Бәйтерек» бөбекжай—бақшасының «Жұлдыздар» командасы жеңімпаз атанды. 2 — орын «Мирас» бөбекжай бақшасы қызметкерлеріне бұйырса,3- орын иегерлері «Астана» бөбекжай бақшасы қызметкерлері атанды.

Жеңімпаз командалар аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының марапатымен және медальдармен марапатталды.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.