A place where you need to follow for what happening in world cup

Талас ауданындағы су қоймасына 100 мың шабақ жіберілді

0 43

Талас ауданындағы су қоймасына 100 мың шабақ жіберілді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Талас ауданы Тамды ауылдық округі аумағында орналасқан «Мыңшұқыр» су қоймасына «Тоба» шаруа қожалығы тарапынан 106 мың бас ақ амур, күміс тұқы және карп тұқымдас шабақтар шығарылды. Аталған шабақтар Түркістан облысы, Сарыағаш қаласындағы «Алтын балық — 2020» ЖШС-нен жеткізілді.

2020 жылдан бастап, «Мыңшұқыр» су қоймасы «Тоба» шаруа қожалығы тарапынан 10 жылға жалға алынған болатын. Шарт талаптарына сәйкес, жалға алушы 2 жылда бір рет 90 мың шабақ жіберу, олардың дамуына жағдай жасау, табиғи уылдырық шашу кезінде жайластыру секілді міндеттемелерді орындауы тиіс.

«Мыңшұқыр» су қоймасының сыйымдылығы 7,0 млн/м3, қазіргі таңда нақты бары 2,05 млн/м3. Пайдалану мақсаты – 365 гектар егістік жерді суару және балық шаруашылығы. Су қойманың меншік иесі – «Жамбыл су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Шабақтарды су айдынына жіберу кезінде аудан әкімінің орынбасары Медет Уристенов, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының өкілі, Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Жамбыл облысы бойынша балық инспекциясы бөлімінің басшысы және Жамбыл облыстық балық шаруашылығы қауымдастығының төрағасы қатысты.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.