«17 қараша – Халықаралық Студенттер күні» мерекесіне орай, ауданымыздың қоғамдық жұмыстарына белсене қатысып, мемлекеттік жастар саясатының қарқынды жүзеге асуына қосқан үлестері үшін арнаулы орта оқу орындарының (колледж) білімгерлері Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Н.Манатбековтың Алғыс хатымен марапатталды. Барша білімгерлерге зор денсаулық, оқуда үлкен жетістіктер, барлық өмірлік бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!