A place where you need to follow for what happening in world cup

Таразда қатаң режимдегі түзеу мекемесіне тыйым салынған зат лақтырған 30 жастағы азамат ұсталды

0 88

11 қараша сағат 01:40 шамасында Жамбыл облысы бойыша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/4 түзету мекемесінің ішкі аймағына белгісіз адамның тыйым салынған затты лақтыру фактісі тіркелді. Атап айтқанда, 87 дана скотчпен оралған ерекше иісі бар белгісіз таблеткалар тәркіленді. Түнгі уақытта орын алған заңбұзушылықты анықтау және заңбұзушыны жылдам құрықтау үшін мекеме және 5513 әскери бөлімінің қызметкерлері бірлесе әрекетті еткен.

Қазіргі таңда оқиға орнына облыстық прокуратураның және Тараз қалалық 1-ші полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылып, түрме тәртібін бұзғандарды тиісті жазаға тарту үшін жұмыстар жүргізілуде.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.