Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап елімізде кезең-кезеңімен короновирустық инфекцияға байланысты вакцина салдыру жұмыстары жүргізілуде. Жаппай вакцина салдыру жұмыстары темір тордың ар жағында да қарқынды түрде ұйымдастырылуда.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесіндегі өз еркімен өтініш білдірген жазалы жандарға да вакцина егілді. Вакциналау жұмыстарының алдында мекеме қызметкерлері әуелі сотталғандарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мамандар жазасын өтеушілерге короновирусты инфекцияның алдын алу барысында вакцинаның маңыздылығы мен вакцинаны егу әдістері және вакцинадан кейінгі күтім мен сақтық шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Соның нәтижесінде, бүгінгі күні өз өтініші бойынша мекемедегі сотталғандарға «Спутник V» вакцинасы егілді.
Азамат Саткулов,
ЖД-158/7 мекемесінің МБ
аға инспекторы