A place where you need to follow for what happening in world cup

Таразда түзеу мекемесіне жалған құжатпен кірмек болған ақтөбелік азаматша ұсталды

0 178

Жамбылда түзеу мекемесінің біріне жалған неке куәлігімен ұзақ мерзімді кездесуге кірмек болған азаматша ұсталды. Бұл туралы өңірлік ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ерекше режимдегі ЖД-158/7 мекемесінде жазасын өтеуші жұбайымен ұзақ мерзімді кездесу үшін 32 жастағы азаматша ұсынған неке куәлігі жалған құжат екендігі анықталды. Аталған заңбұзушылық мекеме қызметкерлері Ақтөбе қалалық АХАЖ бөлімімен неке қию туралы куәлігін растау үшін салыстырып тексеру үшін қоңырау шалу барысында белгілі болды. Азамашта ұсынған неке қию туралы куәліктің тіркеу базасында жоқ болып шықты. Яғни, сотталған А есімді азаматпен Р есімді азаматшаның неке қию туралы куәліктері заңдастырылмаған, — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда аталған факт бойынша күйеуімен кездесу үшін заңды бұзған әйелдің үстінен ҚР ҚК-нің 352 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалуда.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.