A place where you need to follow for what happening in world cup

Таразда жұмысшылар арықты тазалап жатқанда адамның мәйіті табылды

0 269

Тараз қаласы Полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан «Қарасу» мен «Жансая» ықшамауданы аралығында арықтың жағалауынан адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, полицейлер оқиға орнына шұғыл жетті.

Жедел-тергеу тобының қызметкерлері арықтан мәйітті алып шықты. Хабар берген қала тұрғыны «Жасыл ел – Тараз» мекемесінде жұмыс істейді. Ол арықты тазалап жатып, қамыстың арасынан адамның мәйітін көріп, тез арада полицейлерді шақырған.

Мәйітке қатысты мән-жайды анықтау үшін сараптама жүргізіледі.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.