Ш.Ниязбеков ауылынан шыққан аудан әкімі Сәкен Арубаев Тастөбе ауылына барып, 79 азаматқа берілетін жер телемімен құттықтады.
– Бүгін ауылдарыңызға арнайы келіп, жағымды жаңалықты жария етпекпіз. Үй салып, шаңырақ көтеремін деген отбасыларға кезектілікпен жер телімі беріледі. Осы жағдайды ауылдың қариялары жеткізген еді. Міне, бүгін сол уәденің орындалуына куә болып отырсыздар, — деді өңір басшысы.
Аталған жер учаскесіне электр жарығы мен ауыз су құбыры тартылған.
Кезекке 8 жыл бұрын тұрған екенмін. Бүгін кезегім бойынша хабар келгеннен кейін жедел жеттік. Облыс, аудан басшыларына алғысымды білдіремін. Берілген 12 соттық жерге қара шаңырақты ьіктеу ойымызда бар, — дейді Земфира Салпагарова.