Ағымдағы жылдың 13 қарашасы күні сағат 14:00-де, облысымызда бастау алған «Таза жүрек» акциясы аясында, жылжымалы диагностикалық кешен Талас ауданында орналасқан Тамды ауылдық округіне ат басын тіреді.
«Таза жүрек» акциясының мақсаты-елдімекендерде, оның ішінде шалғай жатқан ауыл-аймақта медициналық көмектің қол жетімділігін қамтамасыз ету, мобильді жылжымалы кешендер арқылы ауылдық елді-мекендердегі денсаулық сақтау саласының дамуына ықпал ету.
Акция Талас аудандық орталық ауруханасы мен Тамды ауылдық округінің фельдшерлік-акушерлік пункті дәрігерлері және Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы КММ-нің бірлесе ұйымдастыруымен өткізілді.
«Таза жүрек» акциясы барысында тұрғындарға жалпы тәжірибелі дәрігерлер, хириург, стоматолог, акушер-гинеколог, клиникалық зертханашыдан жасақталған 15 дәрігер мен еріктілер көмек көрсетті. Жалпы айтқанда, барлығы 100-ден аса ауыл тұрғыны медициналық-консультациялық көмек алды. Бұл шара қалған ауылдық округтерде, шалғай жерлерде шаруашылықпен айналысып жатқан азаматтарға да көмек көрсету мақсатында өз жалғасын табатын болады.