A place where you need to follow for what happening in world cup

Теологиялық жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілуде

0 37

Түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандармен теологиялық оңалту жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Мәселен, №26 түзеу мекемесіндегі арнайы контингенттің теріс ағымның жетегінде кетпеуі үшін профилактикалық шаралар қолға алынған. Жуырда ғана дәл осы жабық мекемеге облыс орталығындағы «Хамрақұл» мешітінің бас имамы Хамидулла Ахметов арнайы келіп, сотталғандармен кездесу өткізді.

Жүздесу барысында дін саласының маманы Ханафи мазһабы жөнінде және Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы бекіткен шешім-пәтуалар хақында толыққанды мағлұмат берді. Мешіт имамы өз сөзінде сауатсыздық пен білімсіздіктің салдарынан көптеген жандар қателікке бой алдырып жатқанына тоқталып, діни сауатылықты арттырудың маңыздылығын айрықша атап өтті.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.