A place where you need to follow for what happening in world cup

Тоқаев: Қазақстанда төтенше жағдай аяқталды, карантиндік шектеулер біртіндеп алынады

0 136

Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды.

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында айтты, – деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

«Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады», – деді Мемлекет басшысы.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.