A place where you need to follow for what happening in world cup

Тылдық қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі жалғасын табуда

0 190

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/1 (тергеу изоляторы) мекемесінде тылдық қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Бүгінде мекеменің басшы құрамының және тылдық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Саят Сәттібековтің қадағалауымен арнайы контингенттерге арналған көрпе-төсек жабдықтары, азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды жұмыстар қол алынған.

Мекемеге қажетті керек-жарақтар мемлекеттік сатып алу порталынан сатып алынып, тауар, жұмыстар және қызметтерді сатып алу үшін жылдық жоспарға сай жұмыстар атқарылуда. Қорыта айтқанда, арнайы контингентті материалдық, тұрмыстық және коммуналдық жайлармен жабдықтау өз жалғасын табуда.

Ж.Тұрлыбекова,
ЖД-158/1 мекемесінің тылдық қамтамассыз ету бөлімінің инженері

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.