Талас ауданы ТЖБ қызметкерлері 2020-2021 ж.ж жылыту маусымы кезінде улы газбен уланудың алдын алу мақсатында, 2020 жылдың қараша айының 15-16 аралығында “өрт қауіпсіздігі” сенбілігін өткізді.
Аталған іс-шараға аудандық полиция бөлімі, “ҚазТрансГазАймақ” қызметкерлері және “Нұр Отан” партиясы жанындағы “Жастар қанаты” еріктілері қатысты.
Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде әлеуметтік бейімделмеген осал топтағы отбасылар мен көпбалалы отбасылардың тұрғын үйлерін аралауға басты назар аударылды.
Улы газбен уланудың алдын алу және пеш құралдарын пайдаланудағы қауіпсіздік шараларын түсіндіру мақсатында, Қаратау қаласындағы Домалақ-ана, Шахтерлер, Қарашаұлы, Б.Момышұлы және 3 мөлтек ауданының 20,21 тұрғын үйлері (200 ден астам) араланып, барлығы 5 жиын өткізіліп, 1000- нан астам адамды қамтыды. Алдағы уақытта жұмыстар жалғасын табады