A place where you need to follow for what happening in world cup

Қысқы кезеңге дайындығын тексерді

0 148

Бүгін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінде қысқы киім нысанына ауысуға байланысты полиция қызметкерлерінің саптық байқауы өтті. Дәстүрлі шараға мекеменің барлық жеке құрамы қатысты.

Мекеме бастығының міндетін атқарушы Бақытжан Шарипбеков қызметкерлердің нысанды киіміне, қызметтік куәліктердің, жетондардың сәйкестігіне баса назар аудара отырып, жинақылығын тексерді. Ол өз сөзінде ҚАЖ қызметкерлерінің сыртқы келбеті әрдайым ұқыпты, сотталған азаматтармен қарым-қатынаста сыпайы және әдепті болу керек, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындау барысында білікті қызметкер болуы тиіс деп атап көрсетті.

Саптық байқаулар саптық дайындық дағдыларын нығайтуға, қызметтік тәртіп деңгейін арттыруға ықпал етеді, олар жылына екі рет – көктемде, жазғы киім нысанына көшкен кезде және күзде, қысқы киім үлгісіне көшкен кезде өткізіледі. Өткізілген іс-шара жеке құрам қыс жағдайында қызметке әзір екендіктерін дәлелдеді.

Айнура Бателова,
ЖД-158/5 мекемесінің қызметкері

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.