Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Әбдірахман Әйтиев атындағы орта мектебінде жоғарғы сынып қыздарымен «Кәмелетке толмаған жасөспірім қыздардың гигиенасы мен физиологиясымен ерекшеліктері бойынша кеңестер» тақырыбында «Қыз Жібек» қыздар ұйымы мүшелерімен онлайн кездесу өтті.
Жүздесуге 7-8 сынып білім алушылары аралығындағы 38 қыз бала қатысты. Шара барысында мектеп медбикесі Үдергенова Гүлжан мен мектеп психологі Алпысбаева Жанар «Кәмелетке толмаған жасөспірім қыздардың гигиенасы мен физиологиясымен ерекшеліктері бойынша кеңестер» тақырыбында баяндама жасап, сөз соңында қыз балалардың жеке бастың гигиенасына қатысты сұрақтарын тыңдап, тұщымды жауаптар берді. Бүгінгі күннің басты мәселесі бала тәрбиесі болғандықтан, әсіресе оның ішінде қыз баланың тәрбиесінде «Қызды қырық үйден тыю» айтылса да артық емес екендігін атап өтті. Кездесудің қорытынды кезеңінде мектеп психологі Алпысбаева Жанар қазіргі таңда бала тәрбиесіне тікелей отбасы жауапты екенін баса айтты. Жанұяда ұлға да, қыз балаға да тәрбиені бесіктен беретін ата-ана болғандықтан ата-ананың құқықтық мәдени сауттылығы жоғары болу керек екендігі көтерілді.