A place where you need to follow for what happening in world cup

«Үздік ауыл әкімі» Республикалық байқауы жарияланды

0 81

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 50 қаулысымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі 2021 жылға арналған жол картасының 63-3 тармағына сәйкес «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауы жарияланды.
Байқауға кент, ауыл, ауылдық округтерде әкім лауазымында бір жылдан кем емес еңбек өтілі бар, сондай-ақ шешілмеген әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ ауыл әкімдері қатыса алады.
Құжаттар аудан әкімдері аппаратарымен 2021 жылдың 25 маусымынан бастап 10 шілдеге (қоса есептегенде) дейін қабылданады.
Байқаудың ережесі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің және Жамбыл облысы әкімі аппаратының ресми сайттарында орналастырылған (https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/about/structure/organization/leadership/4303/1?lang=kk)
Сұрақтар туындаған жағдайда 8 (72 62) 43-88-26, 8775 133 29 29 телефондарына хабарласуға болады.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.