Жыл аяқталар тұста аймақтағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде мінсіз қызмет атқарған Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері марапатқа ие болды.
Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/4 мекемесінің бастығы әділет полковнигі Ерлан Тоқанов жеке құрамды келе жатқан Жаңа Жыл мерекесімен құттықтап, еңбегі еленген қызметкерлерге лайықты марапаттарын табыс етті.
— Тәуелсіздік алғалы бері 30 жыл ішінде ҚАЖ жүйесі дамудың даңғыл жолына түсті. Осы жылдар ішінде пенитенциарлық жүйе әлемдік стандарттарға сәйкестендірілді. Мұның бәрі мемлекет тарапынан жүргізілген саясаттың дұрыстығын сондай-ақ ҚАЖ қызметкерлерінің жемісті еңбегін көрсетеді. Алдағы уақытта да дәл осы бағытта жүйелі жұмыстар атқарыла беретініне сенім мол, — деді Ерлан Мейірманұлы.
Айта кетейік, бұл күні қатаң режимдегі түзеу мекемесінің қызметкерлеріне облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың грамотасы, облыстық Полиция және ҚАЖ департаменттері бастығының «Алғыс хаты» табыс етілді.
Әділет Үсенбаев,
ЖД-158/4 мекемесінің қызметкері