A place where you need to follow for what happening in world cup

Өзекті тақырыпты талқылап, өзара пікір алмасты

0 199

Жуырда облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Бала асырап алу» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға ювеналды соттың төрағасы Е.М. Дүйсенбаев, судья А.Б.Бексұлтанова, қалалық прокуратурасының өкілі Б.А.Нұралиев және облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Т.С.Жамалов, облыстық адвокаттар алқасының төрағасы А.А.Раисова, облыстық білім басқармасының тәрбие жұмысы және балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Е.Т.Таткеев сондай-ақ Тараз қалалық мамандандырылған ювеналды заң кеңсесінің меңгерушісі Ж.С.Нурахова қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Е.М.Дүйсенбаев «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің нормаларына сәйкес, балалардың мүдделерін қорғау мақсатында бала асырап алушылар балаларға қатысты өз міндеттерін тиісінше орындайма, дамуы және тұруы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ете ме, жоқ па, соны зерттеу қажет екенін баса айтты. Бала асырап алушылардың ата-аналардың міндеттерін тиісінше орындамау фактілері анықталған жағдайда балалардың құқықтарын қорғау үшін шаралар қабылдау қажет екендігіне кеңінен тоқталып өтті.

Ювеналды заң консультациясының меңгерушісі Ж.С.Нурахова бала асырап алу рәсімі бойынша сұрақтар қойды. Оның барлық сұрақтарға толық жауап берілді.

Сонымен қатар, сот төрағасы Е.М.Дүйсенбаев дөңгелек үстелге қатысушыларға 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енетінін атап өтіп, аталған кодекстің негізгі мақсатын түсіндірді. Ол өз сөзінде аталған кодекстің азаматтарға басқарушылық шешімдер қабылдау процесіне нақты қатысуға кепілдіктерді шоғырландырып, сотта билік органдарымен болатын дауларда құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік беретіндігін айтып өтті.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылардан ұсыныстар беріліп, өзара пікір алмасты.

Сабыр БОЛАТ,
Тілші

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.