A place where you need to follow for what happening in world cup

Өзгеріс — өнімді жұмыстан басталады

0 94

Профилактикалық жұмыс жүргізіп, азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда, құқық қорғау органдарының қоғамдағы ұстанымын нығайтуда ең алдымен учаскелік полицияның маңызы зор.

Түптеп келгенде, тәртіп сақшыларының бүгінгі қызметіне халық нақ осы учаскелік полиция инспекторларының жұмысына қарап баға береді. Сондықтан оларға артылған жауапкершіліктің жүгі де, талап та ауыр дер едік. Ендеше мұндай инспекторлардың мәртебесін арттыратын кез-келген секілді.

Президентіміз «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша жергілікті полиция қызметінің мейлінше тұтас реформасын жасау қажеттігі пісіп-жетілді. Осыған орай учаскелік инспектордың рө­ліне баса мəн берілетін болады. Учаскелік инспектордың мəртебесін заңнама арқылы арт­тырып, оның өнімді жұмыс істеуіне мол мүмкіндік берген жөн. Ол азаматтар алдында танымал, қолжетімді əрі беделді болу­ға, солардың құқық­та­рын қорғауға тиіс»,- деді.

Жолдауды қызу қолдаған Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы болып Сүлейменов Жанат Қуанышұлы;

— Азаматтардың құқығы аяқ­ас­ты қалмас үшін учаскелік инспекторлардың мәртебесін ауызбен айтып емес, Мемлекет басшысы атап өткендей заңнама арқылы арттыру қажет. Бұл қадам не береді? Ең алдымен тәртіп сақшыларының беделі артып, халық алдындағы абыройы асқақтайды. Өз кезегінде абырой-беделі артқан инспектор да жұртқа барынша жақын болып, азаматтардың құқығын қорғауға барын салады деген сөз. Ел Президенті меңзеп отырған «Жұртқа жақын полиция» қағида­ты­ның өзегі – осы екендігін әрқашан айтып, басшымыз бізге қатаң талап қояды,-дейді Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Алметов.

Расында учаскелік полиция инспек­то­рының мән-маңызын алдымен тұрғындар жақсы түсінуі тиіс. Құқық қорғау органдарының жұртқа жақын болатын тұсы да осы учаскелік полиция инс­пек­торларымен байланысты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа Жолдауында жергілікті полиция қызметіне айрықша тоқталды. Бұл кездейсоқ емес, себебі жергілікті полиция қызметі полицияның халықпен тікелей қарым-қа­ты­нас­та болатын бөлінісі саналады.
Осы орайда кеше аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Алметов
учаскелік полиция инспекторларының жұмыстарын жетілдіру мақсатында 29.10.2020 жылы ҚР IIМ-нің кеңейтілген алқа отырысында марапатталған Сарысулық үздік полицейді қабылдады.
Учаскелік полиция инспекторы Руслан Мусаевты арнайы қабылдап, жұмыста сәттілік, қырандай қырағылық тіледі.
Руслан Тұрарұлы Мусаев ақиқатында көпке үлгі боларлық азамат. Кәсіби маман, білімі мен білігі жарасқан нағыз сегіз қырлы бір сырлы азамат.
Абайдың қара сөздерін жаттап өскен азаматтың бір бойында жақсы қасиет, өжеттілік пен ержігітке тән батырлық қалыптасқан.
Бүгінде үш баланың әкесі, өнегелі отбасының тірегіне айналып отырған Қазақстандағы ең үздік учаскелік
инспекторлар қатарындағы Русланға бізде сәттілік тілейміз!!!

Сарысу аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.