A place where you need to follow for what happening in world cup

Жұмыстар барысымен танысты

0 126

Облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек Талас ауданындағы жұмыс сапарын «Жартас» су қоймасының маңындағы апатты су сорғы стансасының ғимараты мен қазандыққа арналған су құбырын қайта жаңғырту жұмысы барысымен танысудан бастады.

Нысандағы атқарылған жұмыстар барысымен «Игілік» көпсалалы кәсіпорнының
директоры Рашид Сейдалиев таныстырды. Өз кезегінде Ұ.Жазылбек жөндеу жұмыстарынан кейін станса маңын ретке келтіріп, абаттандыру жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескертті. Орталық қазандықта да ондағы жұмысы жайлы Р.Сейдалиев айтып өтті:

-Мекеме қаладағы 145 көпқабатты тұрғын үйлерге, сонымен бірге, 216 мемлекеттік мекемелер мен әлеуметтік нысандарға қызмет көрсетеді. Тұрғындарды жылу, ыстық сумен бірге ауызсумен де қамтамасыз етеміз. Бұрын ауызсуды бекітілген кестеге сәйкес беріп келсек, қазір тәулігіне тұрақты түрде қамтамасыз етудеміз. Және біздің тарифіміз облыс көлемінде ең төменгі тариф болып саналады, — деді.

Келесі кезекте пайдалануға берілген 3-мөлтек аудандағы №3 және №4 жатақханалардың жәй-күйін көрді. Мұндағы жөндеу жұмыстарынан тыс мердігердің өз тарапынан балалар ойын алаңы мен мини футбол алаңын салып бергеніне және оның сапасына өзінің ризашылығын білдірді.

Жатақханаларда негізінен көпбалалы отбасылар қоныстанғандықтан екі алаңның
да ойын баласынан бір босамайтынына көз жеткіздік. Ш.Уәлиханов атындағы
орта мектепте жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары барысын көрген Ұ.Жазылбек
5-мөлтек аудандағы №26 тұрғын үйдің қайта жаңғырту жұмысымен танысты.
Онда жұмыс барысын мұқият аралап шыққан Ұлан Еркінұлы мердігер тарапынан жіберілген кейбір кемшіліктерге баса назар аударып, оларды тез арада жою қажеттігін қатаң ескертті. Қаратау қаласындағы сапасы жағынан ерекшеленетін нысанның бірі –
орталық стадион саналады.  Оның шығыс және батыс беткейлеріндегі жанкүйерлерге арналған орындықтар түгелімен ауыстырылып, жүгіру жолына ағымдағы жөндеу
жұмыстары жүргізілген-ді. Ұлан Еркінұлы мұндағы атқарылған жұмыстарға да өзінің оң бағасын берді. Сонымен бірге, облыс әкімінің орынбасары сапар барысын Ақкөл және Ойық ауылдық округтерінде жалғастырып, ондағы бірқатар нысандардағы атқарылған
жұмыстар барысымен танысып, тиісті тапсырмалар берді.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.