A place where you need to follow for what happening in world cup

Жүзден жүйріктер іріктелді

0 204

Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты мектептердің 5-6 сынып оқушылары арасында республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен қашықтық олимпиада өткізілді.

Олимпиада  қазақстан тарихы, математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиет, орыс тілі мен әдебиеті және  ағылшын тілінен ұйымдастырылды. Жалпы аудан бойынша 1008 білім алушы қатысса,  5 сыныптан 492 білім алушы, ал 6 сыныптан 516  оқушы өз бақтарын  сынады.

Мектепішілік олимпиаданың жеңімпаздары 20 қараша күні аудандық олимпиадаға қатысады.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.