A place where you need to follow for what happening in world cup

Жаңатас қаласы құрылысының қарқыны қаралды

0 417

Бүгін Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиевтың төрағалығымен, аудан орталығы Жаңатас қаласы құрылысы кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Жиынға кеңес мүшелері, аудан әкімдігі жанындағы жер комиссиясы мүшелері мен құқық қорғау органдары және аудандағы заңгер азаматтар қатысты.

Жалпы, қала құрылысы кеңесі аудан әкімдігінің қаулысымен 2019 жылы құрылған болатын.

Бұл Кеңесте қаламыздың Бас жоспары егжей-тегжейлі талқыланды.

Жиынның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе «Жаңатас қаласының Бас жоспарындағы мәселелер туралы» хабарлама жасау үшін сөз аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің басшысы Шалбаев Дәуренбек Әсембайұлына берілді.

Содан соң «Қала аумағында жеке тұрғын үй құрылысы мен кәсіпкерлік мақсатында берілген жерлер туралы» аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Ұзақбеков Ерболат Ғалиұлының хабарламасы тыңдалды.

Хабарлама аясында өзекті мәселелер көтеріліп, сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.