A place where you need to follow for what happening in world cup

Жақсылық жасаудан жарысайық

0 175

Шоқай датқа орта мектебінде ҚР «Қайырымдылық туралы» Заңы аясында аз қамтамасыз етілген,көп балалы, тұрмысы төмен отбасыларда тәрбиеленіп жатқан оқушыларға «Жақсылық жасаудан жарысайық» атты акция болып өтті.

Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға қолдау көрсету.Баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу, жетім балалаарға,ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға,көпбалалы,тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету.

«Жақсылық жасаудан жарысайық»акциясында Шоқай датқа орта мектебінің мектеп әкімшілігінің демеушілігімен 9 оқушыға мектепке керекті оқу құралдарын алып берді.Шоқай датқа орта мектебінің қамқоршылық кеңес төрағасы Асылан Амановтың демеушілігімен 2 оқушыға мектепке кажетті киім -кешекпен және оқу құралдарын алып берді.Ауылымыздың жеке кәсіпкері Байғараев Ермек «Құралай» дүкенінің егесі мектебіміздің 2 оқушысына мектеп формасы мен оқу құралдарын алып берді.Бұл көмектерді сақтық шараларын сақтай отырып,мектепке шакыртылып,берілді.Осы өткен акцияға ерікті түрде қатысып,өз көмегін көрсеткен демеушілерге мектеп әкімшілігі шексіз алғыс білдірді.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.