A place where you need to follow for what happening in world cup

Жайылмада жаңа спорт нысан пайдалануға берілді

0 48

Ұлт денсаулығын нығайтуда бұқаралық спорттың алатын орны ерекше. Соңғы уақыттары үлкен спортта биік белестерді бағындырған ұландарымыздың жеңісі жалпы халықты қанаттандыра түскені анық.
Қашанда спорт дегеніміз – жасампаздықтың символы. Жаратылысында табиғатпен тікелей араласып таудан – өрлікті, судан – тазалықты, жерден – төзімділікті, аспаннан – асқақтықты мирас етіп алған халқымыз ендігі кезде жан қинамаса, тер төкпесе, спорты дамымақ емес.
Өркениетті елдердің бәрі де спортқа араласу арқылы жігерлі, шат қимылдап, алға озуда.
Бұқаралық спортты дамытудың бірнеше жолы бар. Ең бастысы – жер-жерде спорт нысандарын ашу.
Бүгін Жаңарық ауылдық округімен қатар, Жайылма ауылдық округінде де спорт нысаны ашылды. Нысанның ашылуында осылайша құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов Жайылмалықтардың спорт саласында жеткен жетістіктеріне де тоқталып өтті.
Сонымен қатар кіші футбол алаңының ашылу салтанатында Сарысу ауданының Құрметті азаматы, жазушы Пернебай Дүйсенбин мен Еңбек ардагері Мейраш Қожахметова құттықтау сөз сөйлеп, қуаныштарын жеткізді.
Жаңа нысанның салыну құны: 8 334 000 теңгеге салған мердігер: ИП Абдукадыров.
Ашылу құрметінде ауданның Құрметті азаматы Пернебай Дүйсенбин, аудандық мәслихат депудаты Болатбек Дондаұлы алқызыл лентаны қиып, ауылда жаңа нысан ел игілігіне берілді.
«Көрікті қызған кезде соқ» демекші жаңа нысанда кіші футболдан жарыс басталып та кетті. Ауылдық округ бойынша Қызылдихан, Маятастан барлығы 9 команда қатысып, ойын көрігін қыздыра білді.
1. Б.Тоғызақбаев ат. Спорт мектебінің командасы.
2. Әйтеке би атындағы мектеп командасы.
3. Ысқақ Пірәдар атындағы мешіттің командасы.
4. Қызылдихан ауылының командасы.
5. Донда Сенбин атындағы мектеп командасы.
6. Жайылма әкімшілігінің командасы.
7. Өнер мектебінің командасы.
8. Ауыл жастарының командасы.
9. 20 жылдық түлектердің командасы.

Бірінші орынды: Б.Тоғызақбаев спорт мектебінің командасы.
Екінші орынды: Ауыл жастарының командасы.
Үшінші орынды: Жайылма әкімшілігінің командасы.
Төртінші — ынталандыру: Ысқақ Пірәдар мешітінің командасы иеленді.
Жарыс жеңімпаздары дипломдармен, медалдармен және 20 жылдық, 10 жылдық түлектер тарапынан, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Бүгінгі қуаныш ауыл спортшыларына да, тұрғындарға үміт ұялатып отыр. Спорттық нысан жаңа чемпиондарды тәрбиелеуге сеп болмақ.
Олай болса бізде ауылдықтар үміті ақталуын тілеп, сәттілік дейміз

 

Дариха Үмбетиярова,

Сарысу ауданы

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.