A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

0 566

Жамбыл ауданы әкімінің 2020 жылдың 14 қазандағы №310 өкімімен Баққараев Олжас Елебекұлы аудан әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Баққараев Олжас Елебекович 1985 жылы 25 мамырда Жамбыл қаласында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі- жоғары.

2007 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік электротехникалық университетінің «Электроника және микроэлектроника», 2009 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік электротехникалық университетінің «Техника және технология» магистрі, 2010 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік политехникалық университетінің «Экономист» мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2009 жылы «ARMTEL» ЖШС-нің атқарушы директоры болып бастаған.
2012-2013 жылдары «NULITS» (Н.Назарбаев университеті) ММ-нің даму қызметінің басшысы, 2013 жылы «Тараз Инвест Консалт» ЖШС-і инвесторларға қызмет көрсету орталығының сарапшысы, 2013-2014 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы облыс бюджетінің атқарылуына мониторинг жүргізу бөлімінің бас маманы, 2014-2015 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің басшысы, 2015-2020 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси мониторинг бөлімінің басшысы, 2020 жылдың  ақпан айынан бастап, бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Отбасылы, 2 ұл, 1 қыз өсіріп, тәрбиелеуде.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.