A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл ауданында ардагерлер арасында спартакиада өтті

0 157

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаевтың бастамасымен және Nur Оtan партиясы аудандық филиалының қолдауымен ардагерлер арасында аудандық спартакиада ұйымдастырды.

Ардагерлерді қолдауға арнайы келген аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рүстем Қасымов,облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев қатысушыларға жылы лебіздерін айтып, сәттілік тіледі.

Спартакиаданың өту тәртібімен аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қайрат Ержігітов түсіндіріп өтті

Айтулы жарыста аудан ардагерлері үстел теннисі, қол күресі, шахмат, дойбы, дартс, волейбол, бильярд секілді спорт түрлері бойынша бақ сынауда.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.