Жамбыл ауданында «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Шара барысында іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау, су тасқынының, өрт салдарынан туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу жайы пысықталды.
Дайындық шарасына аудан әкімі Сәкен Арубаев пен әкімдік өкілдері арнайы қатысты. Оқу-жаттығуда электр, газ, жылу жүйелері, су құбырлары және канализациялық жүйелер бойынша авариялық-құтқару командасы, өрт сөндіру, медициналық қызмет, «Жамбыл-Жылу» МКК-нің Аса бөлімшесі, \ бірнеше авариялық-құтқару командалары, азық-түлік, жанар-жағармаймен қамтамасыз ету тобы, байланыс командасының мүшелері сап түзеді. Басшылық құрам әуелі командалық-штабтың құрамымен, жұмыс бағытымен танысып, іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Командалық-штабтың дайындығын оң бағалады.
Оқу-жаттығу жұмысы Тастөбе ауылында жалғасын тапты. Онда құтқарушылар төтенше жағдайды жою және зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша іс-әрекеттерді, су тасқынына қарсы іс-шараларды пысықтауға арналған тактикалық жаттығулар өткізді. Төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету дайындықтарын пысықтады.