A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті

0 199

Егемендігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында және 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне орай аудан әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен, мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Жамбыл аудандық ұйымының қолдауымен мемлекеттік қызметкерлер арасында аудандық спартакиада болып өтті.

Аудан орталығындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінде өткен спартакиадаға ауданымызға қарасты ауылдық округтердегі және бөлімдердегі мемлекеттік қызметкерлері қатысып, кіші футбол, дойбы, үстел тенисі, шахмат, арқан тарту секілді спорт түрлерінен сынға түсті.

Айтулы шараның ашылуында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев:

Бүгінде халықтың көңілінен шығуға күш жұмсап, ел еңсесін тіктеуге үлес қосып жүрген барлық саладағы мемлекеттік қызметкерлерге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Халықпен кері байланыс орнату, оларды сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету, оларға бағыт-бағдар көрсету мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеттерінің бірі юолып қала бермек. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, мемлекет абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Баршаларыңызды келе жатқан мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын, – деді. Мұнан соң сөз алған аудан әкімі аппаратының басшысы Жомарт Телеуов қызметкерлерді айтулы мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Тілек соңы тартысты турнирлердің жеребесі тартылып, командалар өзара кім мықтыны анықтауға күш жұмсады.

 

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.