A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл облысына жаңа әкім тағайындалды

0 120

ҚР Президентінің жарлығымен Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды , – деп хабарлайды «Tugir» Ақпараттық Агенттігі.

Ол 1953 жылы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Бесарық ауылында туған. Еңбек жолын Қызылорда облысының Задария кеңшарында жұмысшысы болып бастады. Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары республикалық басқармасында экономист, Қазақ КСР-і Қаржы министрлігінде экономист болып қызмет атқарды.

Қазақстан Республикасы Білім министрінің орынбасары болды, ҚР Президенті аппаратында және Министрлер кабинетінде жұмыс істеді. 1995-1999 жылдары Қызылорда облысының әкімі, 1999-2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды.

ҚР Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, қаржы вице-министрі – ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төрағасы (2002-2006), ҚР Премьер-министр кеңсесі жетекшісінің орынбасары – ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкіметтің өкілі (2006-2007), ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі қызметтерін атқарды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, 2009-2014 жылдары Шығыс Қазақстан облысының әкімі, Ақтөбе облысының әкімі болған.

2019 жылдың тамыз айынан бүгінге дейін ҚР Премьер министрінің орынбасары болып қызмет атқарды.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.