A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл облысында 13 жайлы мектеп салынады

0 51

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру қаралды.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов және мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жамбыл облысында 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында  жалпы 9500 оқушыға арналған 13 мектеп салу жоспарланған (Таразда – 4, Байзақ ауданында – 2, Жамбылда – 1, Қордайда – 3, Меркіде – 1, Шуда — 2).

Ағымдағы жылы құрылысы басталатын 8 мектеп 2024 жылы, 5 мектеп 2025 жылы (2024 жылы басталады) пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Нақтырақ айтсақ, биыл Тараз қаласында 4 мектеп, Байзақ ауданында 2 мектеп, Қордай ауданында 2 мектептің құрылысы басталады.

Жайлы мектептер бірыңғай стандартқа сай салынатын болады. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ бірыңғай операторы 300, 600, 900, 1200, 1500, 2000 және 2500 орындық мектептердің үлгілік жобаларын әзірлеуде.

Жиын барысында жер бөлу және инженерлік коммуникацияларды жүргізу, мектептерді интернетпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Облыс әкімі Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жаңа форматтағы мектептер қажетті оқу жабдықтарымен, түрлі пәндік кабинеттермен, бейнебақылау жүйелерімен толық қамтылатынын атап өтті.

Мәулен Айманбетов техникалық және авторлық қадағалау қызметінің тиімді жұмысының маңыздылығына  назар аудартты.

— Ұлттық жоба мектептердегі орын тапшылығын жоюға, апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешуге  бағытталған. Біздің мақсатымыз – балалардың жайлы жағдайда сапалы білім алуын қамтамасыз ету, — деді Нұржан Нұржігітов.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.