A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл облысының Сарысу ауданында 33 жүргізуші көлікті құжатсыз басқарған

0 369

Сарысу ауданында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген тексеру жұмыстары барысында ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап 854 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

12 жүргізуші автокөлікті масаң күйде басқарса, 33 аудан тұрғынында көлік құралын басқару құқығы болмаған, өрескел бұзушылардың арасында көлік құралын сыртқы жарық түсіру аспаптары мен дыбыс сигналдарын пайдалану, сондай-ақ авариялық сигнал беруді қолдану қағидаларын бұзғандар да анықталды.

Сондай-ақ, жолдың қарсы бағытына шығып кеткені үшін 27 жүргізушіге әкімшілік xаттама толтырылды.

Ал жасы кәмелетке толмаған жасөспірім Жаңатас қаласында той кортежін ұйымдастырып, жол ережелеріне қатысты өрескел құқық бұзушылық жасаған. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 602-бабымен 2 әкімшілік хаттама толтырылып, 136.000 теңге айыппұл салынды.

Сонымен қатар, «Toyota Avensis» маркалы көлігінің 56 жастағы жүргізушісі қарама-қарсы бағытқа шығып жол жүрісін жалғастырып, апатты жағдай туғызуға әкеп соққаны үшін 6 айға көлік басқару құқығынан айырылды. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596-бабы 3-бөлігімен (жолдың қарсы бағытына арналған жолағына шығу) әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, 13 автокөлік айып тұрағына қойылды.

Күнделікті жұмыстардың нәтижесінде көптеген құқық бұзушылықтар анықталуда, бұл — ең алдымен тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жүргізіліп жатқан іс-шаралар. Аталған бағыттағы жұмыстар Полиция департаменті басшылығының ұдайы бақылауында- деп xабарлайды аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Алметов.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.