A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбылда 1 100-ге жуық шетелдік студент санақтан өтті

0 72

Бүгінде Жамбыл облысының Шу ауданынан басқа, барлық аудандардағы халық санағынан өткен тұрғындар саны ағымдағы есеп көрсеткішіне жетті. Интервьюерлер өңірдегі 272 мыңнан астам тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды аралап шықты. Жалпыұлттық науқан 2021 жылғы 30 қазанға дейін жалғасады, 1-7 қараша аралығында тексеріп аралау кезеңі өтеді.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Жамбыл облысы Статистика департаментінің басшысы Ерназар Құлтаев баяндады. Ол интервьюерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті полиция департаментімен бірлесіп, елді мекендердің учаскелік қызметкерлерінің тізімін жасағандарын да жеткізді. Сонымен қатар осы жұмыс барысында, баспанасыз адамдарды санаққа алу жөнінде рейдтер жүргізілген.
«М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеттерінде және колледждерде Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей және Қытайдан келген азаматтарды – 1100-ге жуық студентті санақтан өткіздік. Халық санағына дайындық және өткізу барысында тұрғындарға биылғы науқанды өткізу мақсаттары мен тәртібі туралы жаппай түсіндірілді. Бұл бағытта жалпы 246 баннер орналастырылды», — деді Ерназар Сейтханұлы.
Оның айтуынша, 16 тамыздан бастап халық санағының екінші кезеңі туралы Ұлттық статистика бюросы дайындаған бейнероликтер өңірлік теле және радиоарналарда, сондай-ақ Тараз қаласы мен аудан орталықтарындағы 42 LED экрандарда көрсетілуде. Адамдар көп шоғырланатын орындарда 300 мыңнан астам ақпараттық парақтар таратылған. Халыққа қызмет көрсету және Жұмыспен қамту орталықтарында халық санағы бұрыштары жұмыс істеп тұр. Онда әрбір азамат кеңес алуға немесе сауалнамадан өтуге болады. БАҚ-та 90 мақала жарияланыпты.
©️ ©️ ©️ «Науқан туралы ақпарат Статистика департаментінің, облыс, қала және аудан әкімдерінің, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Өңірлік коммуникация қызметінің әлеуметтік желілерінде жарияланды. Біздің мамандарымыз мемлекеттік мекемелердің, ірі кәсіпорындардың, оқу орындарының қызметкерлеріне және тұрғындарға 81 оқыту семинарын өткізіп, санақ парақтарын қалай және қашан толтыру қеректігін түсіндірді. 2 брифинг өткіздік, «КТК», «Тараз 24» арналары мен «Знамя труда» газетіне 3 сұхбат ұйымдастырылды. «Тараз 24», «77» және Jambyl теле арналарында өңірдегі халық санағын өткізу барысы туралы үнемі ақпарат берілуде», — деді Е.Құлтаев

Сонымен қатар облыстың барлық аймағында полиция департаментінің патрульдік көліктерімен тұрғындарға халық санағын өткізу туралы және оған белсенді атсалысуға шақырған үндеу мен аудиоролик таратылған. Спикер тұрғындардың үйлерін аралау кезінде 34 үй шаруашылығы халық санағына қатысудан бас тартқанын да айтты. Алайда, оларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
 «Науқан кезінде тұрғындардан алынған деректер толықтай құпия болып саналады. Сонымен қатар, облыс және жалпы еліміздің әлеуметтік және стратегиялық даму бағдарламаларын дайындау үшін тек біріктірілген түрде пайдаланатын болады», — деді департамент басшысы.

©Өңірлік коммуникациялар қызметі

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.