A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбылда «ішімдіксіз ауыл» жобасы жандануда

0 331

Арақтан келетін зиянның орасан екенін баршамыз білеміз. Халқымыз ер балаға шаңырақ иесі, қыз балаға ұрпақ тәрбиешісі деп қараған. Текті қазақтың тегі бүлінбесін десек, бұл мәселеге бейжай қарамауымыз керек. Осылай деп дабыл қаққан «Аса адалдық алаңы» жобалық кеңсесі той-думанды арақсыз өткізуге, дүкен­дерде шарап сатпауға шақырды. Осы мәселе бойынша бірауыздан тұрғындарға үндеу тас­талды. Ендігі шешім – кәсіпкерлерде.
Нақтырақ айтсақ, құрамында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлі­мі­нің басшысы Мадияр Сәмбетов, «Аса адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жандар Тоқсаба, аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі­нің бас маманы Талғат Шынтасов және мемлекеттік кірістер басқармасының бас ма­маны Айдын Минбаев бар топ «Ішімдіксіз ауыл» жо­ба­сы аясында Қарасу, Ақбастау, Көлқайнар ауылдық округтерінде үгіт-насихат жұмыстарына ден қойды.
Ішімдік демекші, қылмыс­тардың көпшілігі азаматтардың спирттік ішімдіктерді ішкені салдарынан туындап отыр. Осы мәселелер тұрғындармен кездесу барысында жақсы айтылып, жан-жақты түсіндірілді.
– Келешекте ауданымыз бойын­ша ішімдік ішу тоқта­тылса, қылмыс саны азаятынына кәміл сенемін. Ертеңгі ұрпақтың бүгін бесігін түземесек, ертең ел болудан қаламыз, – келелі жиында сөз алған Жандар Жамбылұлы осылай деді. Бүгін­гінің жасы мен жасамысы ащы суға әуестенбей, дұрыс бағытта жүруі керектігін атап өтті.
Халықты қалайда зиянды әдеттерден арашалаған абзал. Саламатты өмір салтын қалып­тастыруды мұрат еткен елімізде ішімдікке әуестенушілердің жолын кескен жөн болар.

Жәнібек АСАНОВ,
«Шұғыла».

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.