2021 жылдың 5 айында балаларға қатысты 21 оқиға орын алды. Оның ішінде 2 өзіне-өзі қол жұмсауға талпыну, 1 өзіне-өзі қол жұмсау, 6 үйден кетіп қалу, 12 басқа да оқиғалар (4 қайтыс болған). Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында
Жамбыл облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жасұлан Атенов айтты.
🔹Департамент балалар құқығын қорғау бойынша жұмыстар атқарады. Халықаралық балаларды қорғау күні ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен «Бақытты бала — бақытты ел» Республикалық акциясы шеңберінде аталып өтеді.
🔸Департамент баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Балалардың білім алуға, тамақтануды, тасымалдауды, демалысты, сауықтыруды және бос уақытын ұйымдастыруға құқықтарының қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізеді.
©️©️©️
«Департаменттің Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желілерінде парақшалары бар. Сенім телефоны тұрақты жұмыс жасайды (451122). Әлеуметтік желілерге, оның ішінде «BALA QORGAY» telegram-чатына күнделікті зерделеу жүргізіледі және барлық хабарламаларға, сауалдарға жедел әрекет етеді, кеңес беріледі,» -деді Ж.Атенов.
#ӨКҚ
#РСК