A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбылдық оқушылар COVID-19 қарсы құрылғы ойлап тапты

0 468

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары коронавирус індетімен ауырған науқасты қашықтықтан бақылау құрылғысын ойлап тапты. Ғылым мен медицина саласындағы тың жаңалықты облыс әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы барып көрді.  

 

Оқушылар ойлап тапқан құрылғы смартфонға импульстік оксиметр арқылы ақпарат жібереді. Осылайша дәрігер науқастың жағдайын палатаға бармай-ақ бақылай алады.

«Бұл қондырғыны бір ауруханада сынап көру керек. Егер оң нәтиже берсе, басқа да емдеу мекемелеріне енгізуге болады. Қазіргі кезде мұндай құрылғы ауадай қажет екені белгілі», – деген облыс әкімі жоба авторлары Абылай Сыдықов пен Анелия Әбдімалікке 1 000 000 теңгенің сертификатын табыс етті.

Ал мектеп оқушылары Еламан Сұлтан мен Серік Мақсат ғарыштық әмбебап орбиталды кешеннің жобасын ұсынды. Бұл қондырғы жер шарын түрлі астероидтар мен кометалардан құтқаруға қауқарлы. Оны ғарышқа жеткізетін зымыранның да жобасын оқушылар дайындап қойған.

Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының тағы бір тың жаңалығы – олар мал ұрлығын азайтатын чипті де  ойлап тапқан.  Аталған  GPS-тректің көмегімен төрт түлікті 45 күн бойы қайда жүргенін бақылауға болады.

Міне, осылайша тараздық оқушылар  тың құрылғылар ойлап тауып, айды аспаннан шығарып отыр. Бұл сөз жоқ бас бармақпен бағалауға тұрарлық.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.