A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбылдық шаруалар сәбіздің әр гектарынан 35-40 тонна өнім алуда

0 94

Қазір күзгі өнімдердің жиналып, қоймаға жөнелтілетін уақыты. Дала дихандары тәтті түбірді, жүгері, сәбіз, пияздың нағыз қарбаласын еңсерді.

Бүгін Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев егістік алқаптарын аралап, сәбіз жинау науқанының барысын көрді.

Жалпы, өңірде 1921 гектарға сәбіз орналастырылса, қазір оның 1900 гектары қазылып қапталған.

Өңір басшысы Гродикова ауылдық округіндегі егістік алқаптарын аралады.

Ауыл әкімі Болат Қожабековтың айтуынша, биыл 240 гектарға сәбіз егілген. Шаруалардың өніміде көңіл көншітеді. Әр гектардан 35-40 тоннадан сәбіз жиналуда.

Шаруалардың егістік жайын сұраған Сәкен Қаланұлы баға саясатын тұрақтандыру үшін қолға алынған «Қоймадан-сөреге» жобасының мән-жайын кеңінен түсіндірді.

Ақжігіт Жетпісбай,

Жамбыл ауданы

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.