A place where you need to follow for what happening in world cup

Жандос Омаровтың концерті жоғары деңгейде өтті

0 208

2020 жылдың 13-наурызында сағат 17.00-де «Баласағұн» ОКЗ-да К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының ұйымдастыруымен көрерменсіз, қашықтықтан онлайн-телевизиялық форматта әнші-сазгер, Мәдениет саласының үздігі Омаров Жандос Әскербекұлының «Ән тарту» атты сахнада жиырма жылдық мерейтойлық концерттік бағдарламасы өтті.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларын ілгерілету, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауын насихатату, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын паш ету, композитордың шығармашылығын әлеуметтік желілер арқылы насихаттау, «Парасатты қоғам» қалыптастыру үшін Еріктілер жылы аясында тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, тегін концерттік қызмет көрсету, мәдени қарым-қатынас орнату.  

Ж.Омаров 1980 жылғы 13-наурызда Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Жақсылық ауылында дүниеге келген. Қазіргі таңда Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының директорының орынбасары, әнші.

Екі қызы, бір ұлы бар. Жан-жары Лаура Сейталиева ұстаздық жолда еңбек етеді.

Әр түрлі деңгейдегі «Жас қанат», «Арай», К.Дүйсекеев атындағы «Туған жер», Е.Хасанғалиев атындағы «Атамекен», «Бейбітшілік – елімнің мақсат-мұраты» және «Ең үздік көшбасшы» жастар конкурстарының жеңімпазы, «Алтын көшбасшы» аталымының лауреаты, Жамбыл облысы әкімі сыйлығының иегері.

«Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасын, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының, Жамбыл облыстық ҚХА төрағасының, ҚР Мәдениет және спорт министрінің Алғыс хаттарын алған.

«Қазақстан авторлары қоғамының» мүшесі. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Этносаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін», ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» және «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгілерін иеленген.

2007, 2010 жылдары шығармашылық кештерін өткізген.

Бірнеше ғылыми еңбектің және «Бауырларым», «Ақ тілегім еліме» ән жинақтарының авторы.

Сазгер К.Салықов, Ж.Нәжімеденов, Ш.Сариев, Ә.Асылбеков, Ұ.Есдәулетов, Б.Жақып, Э.Орманова, Б.Мәуленов, Б.Бекжанов, Ш.Жұбатова, Ү.Битенова, Ғ.Әлімбекқызы, Қ.Демешов, Қ.Сарин, Қ.Қолқаев, Е.Жүніс, О.Отар, Б.Әліқұлов, А.Дүйсенбі, Н.Сатымқұлов, Қ.Бақтиярқызы, А.Абзалебков т.б. өлеңдеріне әндер жазған.

 «Ақ тілегім еліме», «Бауырларым», «Кел, достарым», «Ақ келін», «Тараздың арулары» т.б. 50-ден астам әндері көптеген тыңдарманның жүрегіне жол тапқан.

Түсірілімде Жандос Омаровтың әндерін танымал әншілер: Бағдат Сәмединова, Айгүл Иманбаева, Индира Расылхан, Әділ мен Дана, Гүлнұр Өмірбаева, «Астана» тобы, Мамадияр Тәукеев, Фариза Досболова, Маралбек Бабақұлов, Мадина Сағынбекова, Ғани Мәтебаев, Айгүл Мақашеава, Гүлшат Тинасилова, Мейіржан Самылтыров, Қайсар Көкішов, Әлішер Балтаев т.б. әншілер орындады. «Қазақ елі», «Шолпы», «Нұр-шашу», «Жас дәурен», «Ақкербез», «Айша бибі», «Кәусар» т.б. өнер ұжымдары қатысты.

Кешті: «Қазақ» радиосының дикторы, журналист Мухамедияр Рашай мен танымал эстрада жұлдызы Айгүл Иманбаева жүргізді.

Концертте сазгердің нотаға түсірілген әндерінің жинағының тұсауын облыстық филармонияның директоры С.Ш.Түктібаев кесіп, өнердегі әріптестері қолдау танытты. 500 дана басылыммен шығарылған ән кітабы алдағы уақытта облыстың барлық кітапханалары мен өнер адамдарына сыйға тарту етіледі.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Құттықтау хаты мен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хаты тапсырылды.

Концерттік бағдарламаның толық нұсқасы әлеуметтік желілерде, «ютуб» каналында және облыстық телеканалдар арқылы халыққа насихатталады.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.