A place where you need to follow for what happening in world cup

Жастар қайырымдылық турнирін ұйымдастырды

0 136

Отбасы мерекесі күні қарсаңын­да аудан әкімдігі «Жастар ресурс­тық орталығы» қызметкерлерінің ұйымдастыруымен және облыстық «Qamqor» қайырымдылық дүкенінің қолдауымен 12 баланы дүниеге әкелген қаратөбелік тұрғынға құрмет көрсетіліп, отбасы мүшелеріне қажетті киім-кешек үлестірілді.

Мұнан соң жан жадыратар жақсылықты ту еткен жастар облыстық бірқатар айтыскер ақынмен бірлесіп, «Отбасы – Отан тірегі» атты ұранмен кіші футболдан қайырымдылық турнирін өткізіп, жүлделі орындарға бөлінген қомақты қаражатты «Алтын алқа» иегеріне табыс етті.

Бүгін тонның ішкі бауындай ұйымдасып, қайырлы амалды атқарып отырмыз. Жастарға шексіз алғысымды білдіргім келеді. Бұл қайырымдылық турнирі барлық ауылда жалғасатын болады, – дейді «Жастар ресурстық орталығының» директоры Маханбет Рахымжанов.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.