A place where you need to follow for what happening in world cup

Жаза басқандарды қоғамға бейімдеу маңызды

0 88

Елімізде түзеу мекемесінен босап шыққандарға әлеуметтік-құқықтық көмек беру ісі жолға қойылған. Бұл – пробацияның есебінде тұрған адамдарды әлеуметтендіруге бағытталған жеке бағдарламалар негізінде іске асырылатын шаралар кешені.

Жуырда Мойынқұм аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша жиын өтті. Басқосуға аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығы М.Туеулиев, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысы Н.Усипжанов және аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Н.Каипов қатысты.

Жалпы, сотталғандардың қайта қылмыс жасауына олардың түзу жолға түсуге деген ниетінің жоқтығы, тұрақты жұмыс орнының болмауы, ішімдікке салынуы түрткі болатыны анық. Осыған орай, басқосу барысында есепте тұрған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы оқытып, грант алып өз кәсібін ашуға көмек көрсету мәселелері талқыланды.

Нұрсұлтан Каипов,
Мойынқұм аудандық пробация қызметінің аға инспекторы

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.