Тәртіпке бас иген құл болмайды. Оның үстіне, түзеу мекемелерінде ереже мен тәртіптің қатаң сақталуы маңызды. Бұл – құқықтық қоғамның қалыптасуына оң әсер еткенінен бөлек, сондағы жазасын өтеушілердің тезірек бостандыққа шығуына да мүмкіндік сыйлайды.
Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде үлгілі тәртібіне байланысты жаза мерзімі қысқартылған сотталғандар да бар. Соның бірі – ҚР Қылмыстың Кодексінің 188 бабы 3 бөлігімен кінәлі деп танылған ер адам. 58 жастағы азамат өткен жылдың қараша айында сот үкімімен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын. Десе де, түзеу мекемесінің темірдей тәртібіне мойынсұнып, ережелерін мүлтіксіз орындағаны әрі түзелу жолына түскені үшін оның жаза өтеу мерзімі қысқартылды. Осылайша, ол еркін өмірге қайта қосылды.
Айта кетейік, сотты болғандарды түзеу жолына түсіруде ҚАЖ саласының әрбір қызметкері тынымсыз еңбек етеді. Жазасын өтеушілердің жұмыспен қамтылуы, денсаулығының бақылауға алынуы және құқығының сақталуы сала қызметкерлерінің жіті бақылауында.