A place where you need to follow for what happening in world cup

Жазасын өтеушілер коронавирус инфекциясына қарсы екпе алды

0 46

Өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты қатаң режимдегі ЖД-158/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқандар коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтуде. Вакцинация жоспарлы және ерікті түрде жүргізіледі. Екпе алудан бас тартқан сотталғандар болған жоқ.

Темір тордың ар жағында отырғандар әрбір адам екпе алу арқылы өзін қауіпсіздендіруі тиіс деп санайды. Себебі, коронавирусқа қарсы жалпы иммунитетті қалыптастыруда вакцинаның рөлі зор дейді олар.

— Мекеме қызметкерлері сотталған азаматтармен алдын ала әңгіме жүргізді. Екпені ерікті түрде қойдырып жатырмыз. Вакцина алудан қорқудың қажеті жоқ.
Індет тезірек жойылып, бұрынғы қалпымызға қайта оралғанымызды қалаймыз, — дейді жазасын өтеушінің бірі.

Жанат Жұманов,
ЖД-158/4 медицина бөлімінің фельдшері әділет аға лейтенанты

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.