A place where you need to follow for what happening in world cup

Жолдың сапалы болуы – бәрінен маңызды

0 49

Жолдың сапасын жақсарту – бүгінгі күннің талабы. Өңірлік «Ұлттық жол активтерінің сапасын арттыру орталығының» мамандары жол желісі бойынша жолдарды салу, қайта құру, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың, сондай-ақ инженерлік коммуникациялардан кейін асфальтбетон жабындысын қалпына келтіруде қолданылатын материалдардың сапасына жіті назар аударуда.

Дәл осы бағытта жалпы құны 129,3 миллион теңгеге келісімшарт жасалып, ағымдағы жылдың 8 айында автожол жобаларының 80 пайызын қамтылды. Есепті кезеңде 112 инспекциялық тексеру жұмыстары жүзеге асырылды. Нәтижесінде, 492-ден астам жол-құрылыс материалдарынан сынамалары алынып, олардың 93-і немесе 20 пайызы белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес келмейтіні анықталып отыр.

Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, мұндағы басты мәселе — асфальтбетон жабынының сапасыздығы. Бұл кейбір мердігерлердің әлі күнге дейін жолдың сапасына тым немқұрайлы қарайтындығын аңғартады.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.