A place where you need to follow for what happening in world cup

Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқын Алғыс айту күнімен құттықтады

0 55

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқын Алғыс айту күнімен құттықтады.

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мерекеде ұлтымыздың салт-санасында берік қалыптасқан достық, қайырымдылық және ынтымақ сынды мызғымас құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Алғыс айту күні қиын-қыстау замандарда да мейірімділік пен жанашырлық таныта білген әрі бірлігін бекем еткен халқымыздың ізгі қасиеттерін жадымызда жаңғыртады, – делінген президент құттықтауында.

Мемлекет басшысы бұрын-соңды болмаған жаһандық сын-қатерлер және еліміздегі ауқымды өзгерістер кезеңінде әрбір азаматтың ел болашағы үшін жауапкершілік танытуы және өзара қолдау көрсетуі аса маңызды екенін атап өтті.

Бүгінгі мейрамда адал еңбегі, жасампаздығы мен отаншылдығы үшін барша халқымызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Біз еліміздің ауызбіршілігін сақтай білсек, кез келген қиындықты еңсереміз. Әділетті Қазақстанды құрып, елімізді одан әрі өркендете береміз деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!, – деді Қ.Тоқаев.

Еске салайық, 2016 жылдың 14 қаңтарынан бастап 1 наурыз – елімізде Алғыс айту күні деп жарияланған.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.