A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл ауданы 700 доза екпе салдырды

0 13

Жамбыл аудандық орталық ауруханасына бүгінгі күнге дейін жеткізілген 800 доза «Спутник-V» вакцинасының 700 дозасы егілді. Екпені алғаш аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Алтай Сауруков пен емхана дәрігерлері егіп бастаса, бүгінде мұғалімдер белсенділік танытуда. Жуық арада вакцина тәртіп сақшыларына егілмек. Жалпы, емханада вакцина салу үшін 3 кабинет (2 екпе егу бөлмесі, 1 екпеден кейінгі бақылау бөлмесімен) жасақталған. Олардың барлығында профилактикалық екпе жұмыстарын жүргізудің стандартты тәртібі бекітілген. Иммундау үшін медициналық мамандар арнайы курстан өткен.

Емханаға келген алғашқы екпе алушыларды дәрігер қабылдап, алдымен олардың денсаулық жағдайын тексереді. Эпидемиологиялық аналезін жинақтап, вакцина қабылдауға ешқандай қарсы көрсетілімнің жоқтығына көз жеткізеді. Бұл процестер басталмай тұрып, ең алдымен пациент ерікті түрде вакцина алатыны туралы ақпараттық келісімге қол қояды. Одан әрі екпе алу бөлмесіне жіберіледі. Онда дәрігер вакцинадан кейінгі күтім мен сақтық шаралары туралы айтты. Екпеден кейін екпе салдырған азамат 30 минуттай медициналық бақылау аймағында дәрігердің қадағалауында болды. Екпе алушыларға екпенің 0,5 миллилитр болатын бірінші компонентін алғаны туралы ескертіліп, 21 күннен кейін бұл процесс тағы да қайталанатыны айтылады. Өйткені, екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және нығайтады, адам организміндегі антиденелер саны артады.

Қазақстанда әзірге ресейлік «Спутник-V» преапараты қолданылуда. Ол жүкті әйелдерге, ауыр дәрежелі аллергиясы барларға, вакцина құрамындағы заттарға сезімталдығы жоғары жандарға, 18 жасқа толмағандарға және 65 жасқан асқандарға салынбайды.
Осы орайда індеттің алдын алудың жалғыз жол – вакцина екенін тағыда еске сала кеткім келеді.

Нұрмахан МӘУЛЕНОВ,
Жамбыл аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.